Қазақстандықтардың басым бөлігі ақшасын теңгеде сақтайды – Ұлттық банк
Бүгінде депозитте 20,4 трлн теңге сақталған
Бүгінде Қазақстан тұрғындарының басым бөлігін ақшасын ұлттық валютада сақтайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейманов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Жеке тұлғаларға тиесілі депозиттегі ақшаның 82%-ы теңгеде ашылған, - деді Тимур Сүлейманов.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда депозитте 20,4 трлн теңге сақталған. Оның 16,4 трлн теңгесі ұлттық валютаға, қалғаны шетелдік валютаға тиесілі.