Саладағы пилоттық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тартуға басты назар аударылады
Энергетика министрінің бұйрығымен елде сутегі энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, тұжырымдамаға ұлттық көміртегі бейтараптығы мақсатына қол жеткізу және парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау сияқты маңызды бағыттар кіреді. Сутегі технологияларын дамытуға және осы саладағы пилоттық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тартуға басты назар аударылады. Тұжырымдамада көзделген пилоттық жобалар озық технологияларды енгізуге және елдің энергетика секторында жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.
Тұжырымдаманы сәтті іске асыру Қазақстанға әлемдік энергетика аренасында өз позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді және көміртекті бейтараптыққа жету жолындағы маңызды қадам болады деп күтіледі.