×

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығы жауапқа тартылды

Мемлекеттік аудит нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық анықталды

 Динара Амантай 11.10.2024 | 12:43
Фото: Halyq Uni

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ мен оның өңірлік филиалдарының басшылық құрамының 11 лауазымды қызметкері мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жоғары аудиторлық палата Қорда жүргізілген тексеру іс-шараларын биыл шілдеде аяқтады. Нәтижесінде ҚР-ның бюджет және өзге де заңнамалары бойынша, сондай-ақ ұйымның ішкі нормативтік құжаттарынан бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мен ӘМСҚ басшылығына лауазымды адамдардың жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны және жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту тапсырылды, – делінген Жоғары аудиторлық палата хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, ӘМСҚ мен оның өңірлік филиалдары басшылық құрамының 11 өкілін, оның ішінде Қордың басқарма төрағасының бір орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама