13 қазанда елордада Astana City Marathon жарысының өтуіне байланысты көшелер ішінара жабылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, биылғы марафонға әлемнің 15-тен астам елінен 2 мың спортшы қатысады. Жарыс кезінде көшелер ішінара жабылады. Сағат 13.00-де көлік қозғалысы толық қалпына келтіріледі.
Марафон EXPO алаңынан басталып, қаланың көрікті жерлері – Бас республикалық мешіт, Президент саябағы, Есіл өзенінің жағалауы, «Бәйтерек» монументі, «Абу-Даби Плаза» және Ботаникалық саябақ арқылы өтеді.
13 қазанда төмендегі учаскелер жабылады:
- 07.00-ден 08.00-ге дейін: Ақмешіт көшесі Бұқар Жырау көшесінен Тұрар Рысқұлов көшесіне дейін;
- 07.00-ден 08.00-ге дейін: Тұрар Рысқұлов көшесі бойынша № 1 перинаталдық орталықтың жанындағы көшеден Green Clinic алдындағы көшеге дейін;
- 07.00-ден 08.00-ге дейін: Тұрар Рысқұлов көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі Green Clinic алдындағы көшеде;
- 07.00-ден 08.00-ге дейін: Бас Республикалық мешіттің айналасындағы көше;
- 07.00-ден 08.00-ге дейін: Хусейн бен Талал көшесінен (Бас республикалық мешіт) Мәңгілік ел даңғылынан Green Clinic алдындағы көшеге дейін;
- 07.15-тен 08.30-ға дейін: Түркістан көшесі бойынша Nexpo ТК жанындағы көшеден Сығанақ көшесіне дейін;
- 07.15-тен 09:10-ға дейін: Түркістан көшесінің Ұлы Дала көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін (EXPO айналасында);
- 07.20-дан 08.10-ға дейін: Ақмешіт көшесі бойынша Орынбор көшесінен Алматы көшесіне дейін;
- 07.20-дан 08.10-ға дейін: Алматы көшесі бойынша Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейін;
- 07.30-дан 08.55-ке дейін: Керей-Жәнібек хандар көшесімен Түркістан көшесінен Әл-Фараби көшесіне дейін;
- 07.35-тен 09.05-ке дейін: Әл-Фараби – Тәуелсіздік көпірінің учаскесі (сол жағалаудан оң жағалауға өту);
- 07.40-09.15 аралығында: Панфилов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Шәмші Қалдаяқов көшесіне дейін;
- 07.40-09.25 аралығында Жұмекен Нәжімеденов көшесі Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;
- 07.45-тен 10.30-ға дейін: Ахмет Байтұрсынұлы көшесі арқылы Сарайшық көшесінен Мағжан Жұмабаев көшесіне дейін (қоса алғанда);
- 08.15-тен 11.25-ке дейін: Әзербайжан Мәмбетов көшесі бойынша Ғұмар Қараш көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне дейін;
- 08.15-тен 11.30-ға дейін: Бұқарбай батыр көшесі бойынша Әзербайжан Мәмбетов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін;
- 08.15-тен 11.30-ға дейін: Желтоқсан көшесі бойынша Бұқарбай батыр көшесінен Ирченко көшесіне дейін;
- 08.25-тен 11.40-қа дейін: Метрополитен саябағының асфальт жолы (Ұлттық теннис орталығынан St.Regis қонақ үйіне дейін.);
- 08.35-тен 12.10-ға дейін: Сарайшық көпірінің астындағы Мұқағали Мақатаев көшесінің учаскесі;
- 08.35-тен 12.15-ке дейін: Мәңгілік ел даңғылы мен Дінмұхаммед Қонаев көшесінің қиылысы;
- 08.35-тен 12.25-ке дейін: Дінмұхаммед Қонаев көшесі арқылы Мәңгілік ел даңғылынан Қазақ радиосына дейін;
- 08.40-тан 12.30-ға дейін: Дінмұхаммед Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін Қазақ радиосы көшесі арқылы;
- 08.40-тан 12.40-қа дейін: Достық көшесі арқылы Қазақ Радиосы көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін;
- 08.45-тен 12.50-ге дейін: Ақмешіт көшесінің Достық көшесінен Орынбор көшесіне дейін;
- 08.55-тен 13.00-ге дейін: Ақмешіт көшесі арқылы Бұқар жырау көшесінен Нұрлан Балғымбаев көшесіне дейін.
Жарысқа қатысушыларға Тұрар Рысқұлов көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысына дейін автобуспен жетуге кеңес беріледі.