×

Қостанай облысында бір үйдің 5 баласы қайтыс болды

Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде барған

 Халық үні 11.10.2024 | 11:02
Фото: © pixabay / Skeeze

Қостанай облысы Жітіқара қаласында өрт шығып, бес бала қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқиға таңғы сағат 4:29-да жеке ауланың аумағында болған. Өрт шығып, тұрғын үйдің төбесі құлаған. Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде барған.

Өрт болған кезінде үйде үлкендердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылдары туған кәмелетке толмаған балалар болды. Үйінділерді тазалау кезінде бес баланың мәйіті табылды. 2011 жылы туған үлкен бала зардап шекпеген, - делінген ақпаратта.

Алдын ала ақпарат бойынша, балалардың анасы үйінде болмаған. Жұбайы бас бостандығынан айыру орнында отыр.

Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр. Өрт-техникалық зерделеу тағайындалды.

Психологтар туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті көмекті, оның ішінде материалдық көмекті де көрсетеді.

Айта кетейік, бұл қайғылы жағдайды Бас прокурор бақылауына алды. Қостанай облысы прокуратурасының хабарлауынша, 11 қазан сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласы төтенше жағдай бөліміне жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.

Өртті сөндіруге 19 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, өрттің алдын ала себебі – пешті қараусыз қалдыру.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама