Тәртіп сақшалары жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын ескертеді
Астанада полиция «Оқушылар төбелесіп, 2 бала қаза тапты» деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Әлеуметтік желілерде елордадағы №37 мектептің маңында оқушылар төбелесіп, 2 адам қаза тауып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді деген шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр. Төбелестің және онда қаза тапқандар мен зардап шеккендердің болғаны туралы мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды сұраймыз, - деп жазылған Астана қаласы ПД таратқан хабарламада.
Полиция көрінеу жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары қалада жастардың төбелесуіне жол бермеді.
102 нөміріне үйдің ауласына жастардың жиналғаны туралы ақпарат түсті. Патрульдік полиция полкі оқиға орнына уақытында жетіп, жасөспірімдер арасында бұзақылықтың болуына жол бермеді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін олар полиция бөліміне жеткізілді. Нәтижесінде жастар бір-бірімен неге сөзге келіп қалғанын анықтау үшін жиналғаны белгілі болды. Олардың арасында кәмелетке толмағандар болған. Бұл дерек негізінде полиция қылмыстық іс қозғалды. Балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды., – деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін елордада 200-ден аса жасөспірім жаппай төбелес ұйымдастырғаны хабарланған еді.