Әуе кемелері аптасына 2 рет жиілікпен ұшады
Қазақстан мен Аустрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазақстан-Аустрия іскерлік кеңесінің 9-отырысын өткізу кезеңінде Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының вице-президенті Владимир Сытник пен Аустриядағы елшілігінің өкілдері Аустрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесулері өтті.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Аустрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.