Астанада 4 облыстың азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Динара Амантай

Биыл жәрмеңке «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында өтеді

Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада 12-13 қазанда Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала әкімдігінің мәліметінше, төрт өңірдің аграршылары Астанаға 900 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі. Сатылатын тауарлар тізімінде: ет, көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері, өсімдік майы, бал, балық, шұжық өнімдері, қант, сондай-ақ түрлі кондитерлік өнімдер бар.

Павлодар облысының тауар өндірушілері 550 тонна өнім ұсынады. Олардың көпшілігі – аймаққа танымал картоп, көкөністер мен бақша дақылдары.

Жетісу облысының аграршылары 120 тоннадан астам өнім әкеледі: жаңа піскен жеміс-жидектер, ет, картоп, көкөністер мен қант.

Алматы облысы елордада 200 тоннаға жуық өнім сатады, оның төрттен бір бөлігі ғана көкөністер мен жемістерді, соның ішінде алманың әйгілі «Апорт» сорты да ұсынылады.

Батыс Қазақстан облысы ет өнімдерін, өз өндірісінің ұны мен макарон өнімдерін әкеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары фермерлерден тікелей өнім сатып алып қана қоймай, сонымен қатар аталған облыстардың әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Жәрмеңке сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық болады, – делінген ақпаратта.

Айта кетсек, биыл жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңкелерді өткізу кезінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қамтамасыз етіледі.

Жәрмеңкелер әр демалыс күндері 27 қазанға дейін өтеді.