×

Биыл құрылыста 18 жұмысшы қаза тапты

Құрылысшылар берешек мәселесін жиі көтереді

 Дәурен Ерболат 10.10.2024 | 18:01
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов биыл 9 айда құрылыста 18 адам көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрдің орынбасары мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті және басқа да министрліктердің өкілдерімен бірлесіп, көшпелі кеңес өткізді. Онда құрылыс нысанындағы өндірістік жарақат, жалақы бойынша берешек мәселесі талқыланды.

Ақмәди Сарбасов құрылыста адам шығыны болатынын, сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәселесін қырағы бақылауда ұстауды тапсырды.

2023 жылы құрылыста 46 адам қаза тауып, 149 жұмысшы зардап шекті. 2024 жылғы статистикасы да көңіл көншітпейді. Биыл 9 айда құрылыс нысандарында 18 жұмысшы көз жұмып, 64 адам жарақат алды. Құрылыста жарақат алудың жоғары деңгейі Астана қаласында, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді, - деді вице-министр.

Сондай-ақ ол еліміздегі құрылысшылар еңбек инспекциясына берешек мәселесімен жиі жүгінетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама