Астанада лицензиясыз ота жасаған әйелге сот үкімі шықты
Жәбірленушінің пайдасына 5,8 млн теңге өндірілді
Астанада соттың үкімімен медициналық қызметпен лицензиясыз айналысып, клиенттің денсаулығына зиян келтірген әйел бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Іс құжаттарына сәйкес, айыпталушы тиісті лицензия мен сертификатсыз, сақтау мерзімі өткен филлерді қолдану арқылы косметикалық процедура жасап, салдарынан жәбірленушінің денесінде қабыну процесі туындап, оған медициналық көмек қажет болған.
Кінәліге 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, мәжбүрлі еңбекке тартылып, медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 5,8 млн теңге материалдық және моральдық шығын өндірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енді.
Қала прокуратурасы азаматтарды медициналық процедураларды қабылдау үшін тек лицензиясы бар білікті мамандарға ғана жүгінудің маңыздылығы туралы ескертеді.