Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысының әкімі дала өртінен зардап шеккен құтқарушылардың халі жайлы айтты

Қарқаралы ауданында алапат өрт болған еді

 Қымбат Елтайқызы 10.10.2024 | 12:23
Қарағанды облысының әкімі дала өртінен зардап шеккен құтқарушылардың халі жайлы айтты
фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарқаралы ауданындағы дала өртінен зардап шеккен құтқарушылардың халі туралы айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Қарқаралы ауданындағы дала өртімен күрескен құтқарушыларымыздың жағдайын біліп қайттым. Өрт сөндірушілерге көрсеткен табандылықтары мен қызметке адалдықтары үшін алғысымды білдірдім. Қатты, екпінді жел жұмысты қиындатып, бес құтқарушы өз өмірлерін қатерге тігуге мәжбүр болды. Олардың екеуі интенсивті терапия бөлімінде ем алып жатыр. Дәрігерлер оларды тиісті бақылауда ұстап отыр. Өрт сөндірушілеріміздің тезірек сауығып, отбасыларына оралуларын тілеймін», – деп жазды аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парағында.

2024 жылғы 6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Шарықты және Қоянды ауылдық округтерінің дала аймағында биіктігі бір метрге жететін құрғақ шөп жанды. Алапат өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкері қаза тапты. Ермағанбет Бөлекбаев қаза болған өрт сөндірушінің отбасына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама