Жетісу облысында он жыл бойы пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды
Сот алқасының қаулысымен учаселер мәжбүрлеп алынды
Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сүйенсек, 2014 жылы Ескелді, Көксу, Кербұлақ аудандарында орналасқан жалпы ауданы 221 гектар 5 жер учаске «К» и «A» ЖШС-ға су электр станциясын салу үшін берілген.
Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында аталған жер учаскелері берілген сәттен бастап мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды.
Департамент заңбұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдағанмен, ЖШС нұсқаманың орындалуын елемеді.
Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы шешім қабылданды.