Halyq Uni логотип
×

Заңсыз құрылыс, жерді өз бетінше басып алу: Баянауыл ұлттық паркінде заңбұзушылықтар анықталды

Қазір тарифтерді бекіту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 10.10.2024 | 12:36
Заңсыз құрылыс, жерді өз бетінше басып алу: Баянауыл ұлттық паркінде заңбұзушылықтар анықталды
Фото: Halyq Uni

Баянауыл ұлттық паркінде бірқатар заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокурорлық тексеріс барысында жерді өз бетінше басыпалу, заңсыз құрылыс салу және конкурссыз учаскелер беру фактілері анықталды.

Қазір қадағалау актісі бойынша жерді босату және өз бетінше салынған ғимараттарды бұзу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Ауданы 1,9 гектар болатын 4 объектіні бұзу арқылы 4 учаске босатылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар прокурордың наразылығы бойынша Орман шаруашылығы комитеті туробъектілерді орналастыруға орын бергені үшін тарифтерді бекіту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Бүгінде 70-ке жуық демалыс үйі, кафе мен мейрамхана жалға алынған жер учаскелері үшін төлем төлеуден босатылған. Осыған байланысты Баянауыл ұлттық паркі жыл сайын шамамен 230 млн теңге шығынға ұшырайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама