Қожаев бұған дейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болған
Сенаттың жаңа депутаты Марат Қожаев ант берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант беремін, - деді Марат Қожаев.
Сондай-ақ депутат Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамына енді.
Бұған дейін президент өкімімен Марат Қожаев Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Сондай-ақ Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Оның орнына Қожаев Парламенттің жоғарғы палатасына депутат болды.