Сұрған станциясында пойыз рельстен шығып кетті

Халық үні

Оқиға себептерін тексеруге арнаулы комиссия жіберілген

фото: azh.kz

9 қазанда сағат 17:40-та Есіл-Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқыс оқиғадан құрбан болғандар жоқ. Апат салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды, - деп мәлімдеді «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Оқиға себептерін тексеруге арнаулы комиссия да жіберілген.