Осы аптада қарлы боран, көктайғақ күтіледі - Қазгидромет

Халық үні

Елдің солтүстігінде 1-5 градусқа дейін аяз болады

Фото: almaty.tv

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

10 қазаннан бастап циклон батысқа, одан кейін Қазақстанның қалған бөлігіне әсер етеді. Соның әсерінен жауын-шашын болады, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің 15-29 м/с-ке күшеюі, қарлы боран мен көктайғақ болады. Республиканың оңтүстік және шығыс бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, таулы аудандарда қара нөсер мен тұман күтіледі.

Жалпы, апта соңына дейін ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.

Батыста күндіз 5-13 градусқа дейін, оңтүстікте 20 градус жылы, ал елдің солтүстігінде 1-5 градусқа дейін аяз, орталықта және шығыста 5-13 градус жылы болады.