Келісім әскери ынтымақтастықты нығайтуды көздейді
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Үкіметі мен Қатар Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Құжатқа 2023 жылғы 12 желтоқсанда Доха қаласында 2 елдің қорғаныс ведомстволары басшылары қой қойған.
Қатар – Қазақстанның маңызды саяси-экономикалық серіктесі. Қос тарапта әскери ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары бар. Келісімді ратификациялау тараптарға әскери білім беру және ғылым, әскери медицина, мәдени және спорттық іс-шаралар, бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялар, жауынгерлік даярлық және өзара келіскен салаларда ынтымақтастықты іске асыруға мүмкіндік береді, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.
Дауыс беру нәтижесінде депутаттар заң жобасы қабылдады.