Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл деректі растады.
Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді, – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.