Қазақстандықтар жеміс атып алуға шамамен 40 мың теңге жұмсайды
Елімізде қай өңірдің тұрғындары жемісті аз тұтынатыны белгілі болды, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Биыл екінші тоқсанда Қазақстанда жан басына шаққанда орташа есеппен жемісті тұтыну көрсеткіші 16,5 келі болды. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға артық.
Жемісті ең көп тұтынатын өңірлердің көшбасында Алматы қаласы тұр: жан басына шаққанда 20,5 келі, жылдық өсім — 13,9%. Үздік үштікке Маңғыстау облысы (20,3 келі, минус 5,2%) және Астана (20,2 келі, плюс 7,4%) кірді.
Абай және Атырау облыстарының және Шымкент қаласының тұрғындары жемісті аз тұтынады.
Еліміздегі ең танымал жеміс – алма. 2024 жылдың екінші тоқсанында жан басына шаққанда орта есеппен 4,2 келі. Екінші және үшінші орындарда банан мен құлпынай тұр: жан басына шаққанда 1,7 келі және 832 г.
Сондай-ақ қазақстандықтар қарбыз, мандарин, апельсин, өрік, шабдалы, шиені жиі тұтынады.
Биыл екінші тоқсанда еліміздегі әрбір үй шаруашылығы жеміс сатып алуға орташа есепен 39,7 мың теңге жұмсаған. Өткен жылғы көрсеткіш – 39,7 мың теңге, шығынның жылдық өсімі – 13,1%.
Жемістерді тұтыну бойынша Алматы, Маңғыстау облысы және Астана көшбасшы болғанына қарамастан, шығын көрсеткіші өзгеше.
Жеміс сатып алуға аз ақша жұмсаған өңірлер төмендегідей: