Halyq Uni логотип
×

Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды

 Динара Амантай 09.10.2024 | 10:01
Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Дастан Рыспеков 1984 жылы Жезқазған қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 

  • 2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
  • 2018-2019 жылдары Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы болды.
  • 2019 жылдың сәуірінен бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.
  • 2020 жылы ақпанда МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
  • 2023 тамыздан Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама