Halyq Uni логотип
×

750 млн тонна мұнай өнімін шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Өнімнің құны 120 млн теңгеден асады

 Дәурен Ерболат 09.10.2024 | 10:52
750 млн тонна мұнай өнімін шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
Скрин видео

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері мұнай өнімі ірі контрабандасының арнасын жойды, деп хабарлады Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, жедел іс-шаралар нәтижесінде шетелге заңсыз шығарылмақ болған 10-нан аса вагон-цистерна анықталды.

Іргелес мемлекетке жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 млн теңгеден асатын 750 тоннадан аса мұнай өнімі болған. Олар тоқтатылып тәркіленді.

Мұнай өнімін рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы Қуандық Алпыс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама