Басқа адамдардың қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі
Талғарда 16 жастағы жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 7 адам қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облысы ПД басшысының міндетін атқарушы Серік Шалқаров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Тelegram-дағы Polisia.kz арнасының мәліметінше, баланы өлтіну фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Барлық кінәлі адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынып, арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық жиналған дәлел, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерделенуде. Қазір 7 адамның қылмыс жасауға қатысы бары анықталды, - деді Серік Шалқаров.
Жәбірленуші тараптың дәлелдері бойынша басқа адамдардың қылмысы қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі. Көз жұмған жасөспірімнің заңды өкілдеріне тергеу барысы туралы ақпарат беріліп жатыр, – деді полиция өкілі.
Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге де ақпарат жария етілмейді.
Айта кетейік, кеше БАҚ-та Алматы облысы Талғар қаласында төбелес салдарынан 16 жастағы баланың көз жұмғаны хабарланған еді.