Halyq Uni логотип
×

Талғардағы жасөспірімнің өлімі: 7 адам қамауға алынды

Басқа адамдардың қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі

 Дәурен Ерболат 08.10.2024 | 17:32
Талғардағы жасөспірімнің өлімі: 7 адам қамауға алынды
Фото: Halyq Uni

Талғарда 16 жастағы жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 7 адам қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облысы ПД басшысының міндетін атқарушы Серік Шалқаров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Тelegram-дағы Polisia.kz арнасының мәліметінше, баланы өлтіну фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Барлық кінәлі адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынып, арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық жиналған дәлел, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерделенуде. Қазір 7 адамның қылмыс жасауға қатысы бары анықталды, - деді Серік Шалқаров.

Жәбірленуші тараптың дәлелдері бойынша басқа адамдардың қылмысы қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі. Көз жұмған жасөспірімнің заңды өкілдеріне тергеу барысы туралы ақпарат беріліп жатыр, – деді полиция өкілі.

Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге де ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, кеше БАҚ-та Алматы облысы Талғар қаласында төбелес салдарынан 16 жастағы баланың көз жұмғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама