Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады
Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласындағы жұмыс сапары аясында ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына барды, – делінген Аөорда хабарламада.
Айта кетсек, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінде ТМД жарғысының өзгерістері және ТМД органдары құрылымының өзгеру мәселелері қозғалады. Кеңес жиналысы жыл сайын өткізіліп, оның шешімі тек жалпы келісіммен қабылданады.