×

Ақтөбе облысында хром өңдеуші компанияға 2,9 млрд теңге айыппұл салынды

Мекеме тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген

 Динара Амантай 08.10.2024 | 13:51
Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында хром өңдеуші компанияға 2,9 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокуратура мәліметінше, «Восход Хром» ЖШС 2022 жыл бойы міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген.

Осы кезеңде табиғатқа шығарылған эмиссиялар 52 тоннадан асты (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және тағы басқа), сондай-ақ жалпы көлемі 395 мың тонна болатын ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормадан тыс артық шығарылған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратураның шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз жұмыс істегені үшін 2,9 млрд теңгеден аса айыппұл салынды.

Қазір айыппұл толығымен өндіріліп, қаражат бюджетке түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама