Биыл жылыту маусымы тұрақты өтеді – Скляр

Дәурен Ерболат

Жылу желілері мен қазандықтар жөнделді

Фото: t.me/KZgovernment

Биыл Қазақстанда жылыту маусымы тұрақты өтеді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Биылғы жылыту маусымына тоқталайын. 5 энергоблокта, 32 қазандықта, 28 трубинада жөндеу жұмысы аяқталды. 19,9 мың шақырым электр желісі, 376 қосалқы станция, 4 мың 46 басқарушы пункті жөнделді. Сондай-ақ 536 шақырым жылу желісі жөнделіп, жылдық жоспар 99%-ға орындалды. Оңтүстік өңірлерде жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Алайда бұл тұтынушыларға жылу беруге әсер етпейді, – деді Роман Скляр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Үкімет басшысының орынбасары биыл жылыту маусымында мәселе туындамауы үшін тиісті жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Өңірлерде коммуналдық қажеттілік үшін тиісті жанар-жағармай қоры, оның ішінде көмір қоры бар. Осылайша, биыл жылыту маусымы тұрақты болады деп жоспарлап отырмыз, – деді вице-премьер.