Halyq Uni логотип
×

3 өңірдегі өрт: министр үкімет басшысына есеп берді

Қостандай облысында дала өрті тіркелді

 Дәурен Ерболат 08.10.2024 | 10:35
3 өңірдегі өрт: министр үкімет басшысына есеп берді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов 3 өңірде шыққан өртке байланысты премьер-министр Олжас Бектеновке есеп берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы аумағында шөп өртеніп, өрт Павлодар облысы Баянауыл ұлттық табиғи паркіне тарады. Өртке қарсы жұмылдырылған күштер мен құралдарды үйлестіру мақсатында министрліктің жедел штабы іске қосылды. Сондай-ақ Павлодар облысы Желтау ауылында далалық жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр, – деді Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, өртті жоюға вице-министр жауапты. Абай, Ақмола облыстары мен Астана қаласының құрылымдары, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның тікұшақтары оқиға орнына бағытталды.

Павлодар облысы тарапынан Желтау ауылының 18 тұрғыны көрші ауылдың эвакуациялық пунктіне эвакуацияланды. Қазір Павлодар облысында дала өрті толық оқшауланды, күштер жағдайды бақылап отыр. Бүгін Қарағанды облысында да сондай нәтижеге жетеміз деген ойдамыз. Барлық күш тартылды, қажет іс-шаралар қабылданып жатыр, - деді министр.

Шыңғыс Әрінов Қостанай облысында дала өрті тіркелгенін жеткізді.

Бүгін түнде Ресейден Қостанай облысы Жетіқара ауданына дала өрті тарады. 500 гектар жер өртенген. Дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесінде оның бәрін жойдық. Қазір жағдай тұрақты, - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Қарағанды облысында өрт шығып, 33 жастағы маман көз жұмғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама