Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Биыл қазанда Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен Қарағандыға есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікпен 2 қазақстандық ұсталған. Күдіктілердің тұрғын үйін тінту барысында 30 келі наша есірткі заты, қару-жарақ тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.