ХАМАС жетекшісі әлі тірі екенін дәлелдеді – БАҚ
7 қазанда Газа секторындағы әскери қақтығыстың басталғанына бір жыл толды
Бірқатар БАҚ Палестина радикалды ХАМАС қозғалысы Саяси бюросының басшысы Яхья Синвардың тірі екенін және ұзақ үнсіздіктен кейін байланысқа шыққанын хабарлады, деп жазды ТАСС.
Еске сала кетсек, Яхья Синвар 31 шілдеде Иранның жаңа президентінің инаугурациясына бара жатып, Тегерандағы қонақ үйдегі жарылыстан қаза тапқан Исмаил Ханияның ХАМАС-тағы мұрагері болды.
Walla порталының сұхбаттасушысы – израильдік шенеуніктің айтуынша, Синвар соңғы күндері Қатардағы ХАМАС өкілдерімен байланысын қалпына келтіріп, оларға хабарламалар жіберген.
Израиль шенеунігі ХАМАС жетекшісінің хабарламаларды нақты қашан жібергені белгісіз екенін айтты. Бірақ оның хабарламаларында Газа секторында кепілге алынғандарды босату жөніндегі келіссөздердегі ұстанымының жұмсарғаны көрсетілмегенін атап өтті.
Еске сала кетсек, 7 қазанда Палестинаның ХАМАС қарулы тобының шабуылынан туындаған Газа секторындағы әскери қақтығыстың басталғанына бір жыл толды.