Қазақстанда күн суытады
Батыста нөсер жаңбыр жаууы мүмкін
Елімізде алдағы күндері ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, аптаның басында антициклон сілемі Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді. Ауа-райы жауын-шашынсыз болады.
Содан кейін еліміздің батыс және солтүстік-батыс аймағына Мәскеу аудандарынан келетін циклон әсер етеді. Ол елімізге найзағай мен жаңбыр әкеледі.
9-10 қазанда батыста қатты жаңбырдың жауады деп болжанады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік өңірлерде тұман түседі.
Күндіз батыста ауа температурасы 12-18 градусқа дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17 градусқа дейін төмендеуі болжанады, ал қалған өңірлерде күрт өзгеріс болмайды.