Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында есірткіге қатысты қылмыс артқан

Өңір прокуроры алдын алуға бағытталған шаралар тиімсіз екенін айтты

 Динара Амантай 07.10.2024 | 17:54
Ақтөбе облысында есірткіге қатысты қылмыс артқан
Фото: Halyq Uni

Биыл Ақтөбе облысында есірткі қылмысының саны 68 пайызға артқан. Бұл туралы облыс прокуроры Халидулла Дәуешов үйлестіру кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның айтуынша, облыстағы нашақорлыққа қатысты жағдай құқық қорғау органдарының тиімді шаралар қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр.

Биылғы 8 айда облыста есірткі қылмысының саны 68 пайызға артқан. Заңсыз айналымнан 379 келі есірткі заттары тәркіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36%-ға (2023 жылы – 277 келі) артық, – деді прокурор.

Халидулла Дәуешов есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған шаралар тиімсіз екеніне назар аударды. Айтуынша, есірткі заттарын өндіру немесе өңдеу үшін қолданылатын есірткі зертханаларын, прекурсорларды және улы заттарды анықтау жұмыстары жеткіліксіз ұйымдастырылған.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысымен өңірде есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу қызметін күшейтуге бағытталған іс-шаралар кешені әзірленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама