Halyq Uni логотип
×

Интернетте суицидті насихаттау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды – Бас прокурор

Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізеді

 Дәурен Ерболат 07.10.2024 | 17:21
Интернетте суицидті насихаттау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды – Бас прокурор
Фото: Бас прокуратура

Елімізде интернетте суицидті насихаттау дерегі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Интернетте өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін прокуратура Қылмыстық кодекстің 313-1-бабымен 3 қылмыстық іс қозғады. Тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым. Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген контентке қатысты бірнеше Telegram-арнаның қатысушылары мен әкімшілері тексеріледі, - деп жазды Берік Асылов X әлемуметтік желісінде.

Бас прокурор қажет тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалатынын атап өтті.

ІІМ-ге суицидтің барлық фактісінде Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы белгілерін тексеру тапсырылды. Тергеу барысын бақылауға алдым. Басқа да әлеуметтік желілерде Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы белгілерінің бар-жоғын тексереміз, - деді ол.

Берік Асылов шетелдік сайттарда тексерілетінін айтты.

«Суицидті насихаттайтын шетелдік сайттар бойынша құқықтық көмек көрсету үшін халықаралық тапсырма жіберіледі. Тергеу барысында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеті туралы мәселені қарастырамыз», - деді бас прокурор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама