Астанада магистратураға түспек болғандар алаяққа алданды
Клиенттерді күдікті өз достары мен таныстары арқылы тапқан
Астанада магистратураға түспек болғандар алаяққа алданды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бүгінде полицияға 10 жәбірленуші арызбен жүгінген. Ақшалай сыйақы үшін 23 жастағы астаналық қыз оларға елордалық университетке түсуге көмектесемін деп уәде берген. Қыз университетте таныстары барын айтқан. Магистратураға түсе алмай қалған 9 студент оған 700 мың теңгеден төлеген, ал біреуі университетке түсу үшін 460 мың теңге төлеген. Клиенттерді күдікті өз достары мен таныстары арқылы тапқан.
Күдікті алаяқтық жасағанын мойындады. Ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, 0 делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.