Halyq Uni логотип
×

Ермағанбет Бөлекбаев қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына көңіл айтты

Батырдың ерлігі ұмытылмайды

 Дәурен Ерболат 07.10.2024 | 16:03
Ермағанбет Бөлекбаев қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына көңіл айтты
Фото: facebook/Ермағанбет Бөлекбаев

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Қарқаралы ауданындағы өртті сөндіру кезінде көз жұмған маман Хали Хайраттың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Дала өрті кезінде қаза тапқан батырымыз Хали Хайраттың отбасына көңіл айттым. Оның өртке қарсы күресу кезіндегі ерлігі нағыз батылдық пен адалдықтың үлгісі болып саналады. Хали Хайрат өз өмірін халқына қызмет етуге және туған жерін қорғауға арнады. Осынау қиын сәтте біз Халидің туыстарының қайғысына ортақтасып, қолдауымызды көрсетеміз. Оның жарқын бейнесі мен ел алдындағы еңбегі ұмытылмайды, - деп жазды облыс әкімі Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін Қарағанды облысында даладағы өртті сөндіру кезінде 33 жастағы ТЖД қызметкерінің қаза тапқаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама