Halyq Uni логотип
×

Павлодарда есірткі тұтынған жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды

Ол кінәсін ішінара мойындады

 Дәурен Ерболат 07.10.2024 | 16:27
Павлодарда есірткі тұтынған жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды
Фото: zakon.kz

Павлодарда есірткі тұтынған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Айыпталушының ісі қаладағы Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотта қаралды.

Ер адам есірткі тұтынып, Олжабай батыр – Генерал Дүйсенов көшелерінің қиылысында «ВАЗ – 2107» көлігін жүргізіп келе жатқанда ұсталған.

Сот отырысында ол ұзақ уақыт бойын есірті тұтынбағанын, үйінің кіре берісінде анаша шегетін адамдар барын айтты. Бірақ айыпталушы кінәсін ішінара мойындады.

Медициналық сараптама қорытындысы ер адамның есірткі тұтынғанын көрсетті.

Сот айыпталушыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп тапты. Осылайша, ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп жазылған облыстық сот таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама