Петропавлда үй өртеніп, 3 адам мерт болды
Мамандар үйдің иесін құтқарып үлгерген
Петропавлда жер үйден өрт шығып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.
СҚО ТЖД баспасөз қызметінің дерегінше, қайғылы оқиға 6 қазанда түнгі сағат 3.16-да болған.
Жер үй және шаруашылық нысаны өртенген. Онда 4 адам тұрған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде жер үй өртеніп жатқан, - деп жазылған облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.
Олар үйден 3 жасар қыздың, оның 1985 жылы туған анасы мен 1979 ер адамның (көрші) денелерін алып шықты. Үйден иесін мамандар құтқарған.
Өртті сөндіруге 20 маман мен 6 техника жұмылдырылды.
Түнгі сағат 4.12-де өрт оқшауланды, сағат 5.29-да толық сөндірілді. Өрттің ауданы 84 шаршы метр болды, - деп жазылған хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.