Рудныйда 4 жұмысшы көз жұмды

Дәурен Ерболат

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Фото: Halyq Uni

Рудный қаласында диірменде 4 жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қостанай облысы ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға 6 қазанда болған.

Рудныйдағы 112 пультіне тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазалау кезінде 4 адам төмен түсіп, одан шықпағаны туралы ақпарат түскен. Құтқарушылар жұмысшылардың денесін бункерден шығарды, - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.