Қаулы жобасы қоғамдық талқыға ұсынылды
Қорғаныс министрлігі Үкіметтің «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Нормативтік құқықтық акт «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»ҚР Заңының 32-бабына сәйкес әзірленді.
Үкімет қаулысының жобасына сәйкес 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Әскери қызметке шақырылған азаматтар 24 ай бойы Қарулы күштерде, ҰҚК Шекара қызметінде, ІІМ Ұлттық ұланында және Төтенше жағдайлар министрлігінде офицерлік құрам лауазымдарында қызмет атқарады, – делінген министрлік хабарламасында.
Запастағы офицерлерді шақыру әскери дайындалған резервті жинақтау және офицерлер құрамының бос лауазымдарын толықтыру мақсатында іске асырылады.
Үкімет қаулысы жобасы 21 қазанға дейін «Ашық НҚА» сайтында қоғамдық талқыға ұсынылған.