Баянауылдағы өрт: облыс әкімі шаруа қожалықтарына кеңес берді

Дәурен Ерболат

Өртке қарсы күреске 51 техника мен 2 тікұшақ жұмылдырылды

Фото: instagram.com/asaiyn.baikhan

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірдегі шаруаларға кеңес берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алдымен ол Баянауыл ұлттық табиғи паркіндегі өрттің жағдайына тоқталды.

Өрттің аумағы шамамен – 6 мың га. Қалың өскен шөп пен желдік екпіні (12-15 м/с) жағдайды күрделендіріп отыр. Оқиға орнында өңірлік жедел штабтың отырысын өткіздім. Тілсіз жаумен қарсы күреске барлық қажет күш тартылды: 310 адам, 51 арнайы техника, 2 тікұшақ, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты. Қазір өрт оқшауланды, өртті сөндіру жалғысып жатыр. Өңірде зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, - деп жазды Асайын Байханов Instagram-дағы парақшасында.

Өрттің негізгі себебінің бірі – шөп шабу кезінде қолданылатын техникадағы ұшқын сөндіргіш құрылғының істемеуі. Сондықтан облыс әкімі шаруа қожалықтарына кеңес берді.

Барлық шаруа қожалығында міндетті түрде ұшқын сөндіргіш құрылғылар болуға тиіс. Сондай-ақ қолданыстағы техникаларды тексеруді, шаруашылықтар мен үйлердің, әсіресе шөп сақталатын орындардың айналасындағы жерді уақытында жыртуды сұраймын, - деді өңір басшысы.

Бұған дейін Қараған облысында даладағы өртті сөндіру кезінде 33 жастағы маманның көз жұмғаны хабарланған еді.