Halyq Uni логотип
×

Атырауда жерді заңсыз иеленген 26 кәсіпкерге айыппұл салынды

Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды

 Динара Амантай 07.10.2024 | 11:08
Атырауда жерді заңсыз иеленген 26 кәсіпкерге айыппұл салынды
Фото: Halyq Uni

Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 26 жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік жерлерді заңсыз иеленгені үшін әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Заңсыз иеленген жер учаскелерінің аумағы – 3,8 гектар. Әкімшілік айыппұлдар 4,2 млн теңге көлемінде салынды.

Сондай-ақ, департамент бір жыл бұрын 60 гектар жер учаскесін иеленген «Ш» шаруа қожалығына осы учаскені мақсатты пайдалануға сәйкес игеру қажеттілігі туралы тапсырма берген болатын. Тапсырма орындалмағандықтан, департаменттің сотқа жер учаскесін міндетті түрде тартып алу туралы талап-арызы ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес қанағаттандырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама