Президент тиісті өкімге қол қойды
Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бауыржан Әленов 1976 жылғы 8 қарашада Көкшетау облысында дүниеге келген. Білімі бойынша заңгер, заң ғылымдарының магистрі.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылғы мамыр айында Көкшетау қаласы Ішкі істер Бас басқармасына қарасты МҚКБ полициясының полиция батальоны болып бастаған. Әртүрлі қызметте істеді.