Ангелина Лукас әлем чемпионы атанды
Жекпе-жек 2 минуттан 10 раундқа есептелген болатын
Қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкокта (Тайланд) өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Ол әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасты, деп хабарлайды Halyq Uni Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ол аргентиналық спортшы Анай Лопеспен (21-2-1, 1 КО) күш сынасты. Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBO атағын сарапқа салды. Жекпе-жек 2 минуттан 10 раундқа есептелген болатын. Кездесу төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.
Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Ал оның қарсыласы Дебора Анай Лопес кәсіби бокста 3-рет жеңілді.
Айта кетсек, Ангелина биыл WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші дәрежелі чемпиондық белдіктерді жеңіп алған болатын.