Үйден дауыс берген майдангер қартқа бюллетень жеткізілді
Батыс Қазақстан облысының орталығында тұратын 100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Скаленко Вениамин Пантеллевич облыс тұрғындарынан қалыспай дауыс берді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бүгін – біздер үшін маңызды күн. Бұл күн еліміздің болашағын айқындайды. Бұған дейінгі сайлаулардан да еш қалып көрген жоқпын. Меніңше, әр тұрғын мұндай жауапты кезде бейжайлық танытпауға тиіс. Бүгін ұрпағымыздың болашағы үшін дауыс бердім. Сол үшін ойланып, саралап, өлшеп, екшеп, ел болашағы үшін таңдау жасадым, – деді ардагер.
№447 учаскелік референдум комиссиясы тарапынан үйден дауыс беретін майдангер қартқа бюллетень жеткізіліп, дауыс беруге мүмкіндік жасалды. Өз кезегінде Ұлы Отан соғысының ардагері батасын берді.