×

Ардақ Назаров 40 жастағы жігіттің тұсауын кесті (ВИДЕО)

Желі қолданушылардың бірі тұсауы кесілген азаматтың өзі де спортшы екенін жазған

 Еркеғали Болатұлы 13.06.2022 | 10:04
фото: видеодан скриншот

Блогер Дәулет Мұқаев Instagram-дағы парақшасына белгілі спортшы Ардақ Назаровтың ер адамның тұсауын кесіп жатқан видеосын жүктеді.

«Ештен кеш жақсы! Солай да солай қарағым, 30-дан асып барамын. 30 жастағы жігіттің тұсауын Ардақ Назаров ағамыз кесті. Чемпион болсын! Ақ жол!» - деп жазды ол.

Алайда Ардақ Назаров видеодағы жігіттің 40 жаста екенін айтады.

Менің жолымды берсін, үш әлем чемпионы болсын! Келін, шырағым, естідің бе, жіберіп тұршы, айналайын, мына баланы! Сырым, жетектеші, сенің жолыңды беріп, әлем чемпионы болсын! Сенің тұсауыңды кескенім бір жылқы тұрады, оңай емес. Ардақ Назаров 40 жастағы жігіттің тұсауын ешқашан кескен жоқ. Алды өзіңсің, - дейді ол видеода.

Осы орайда желі қолданушылардың бірі тұсауы кесілген азаматтың өзі де спортшы екенін жазған.

«Бұл ағамыз да өзі ММА-ға қатысып, туымызды желбіретіп жүрген спортшы. Ардақ Назаровтың шәкірті. Сол үшін ұстазының жолын берсін деп, ырымдап кестіріп жатыр», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама