Әртіс бұл оқиғаның ел үшін маңыздылығын атап өтті
Қазақстанның Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, театр әрі кино актері және режиссері Асанәлі Әшімов Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазақ киносының аңызы жұбайымен бірге Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде орналасқан №382 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Әртіс бұл оқиғаның еліміз үшін маңыздылығын атап өтті.
Бұл – біздің азаматтық борышымыз, оны елеусіз қалдыруға болмайды. Мемлекет халықтың шешім қабылдауына мүмкіндік берді. Сондықтан референдумда дауыс беру маңызды. Ел өркендеуі керек, бұл біздің қолымызда!, – деді Асанәлі Әшімов.
Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сәуле Досжан да референдумға қатысты.
Ақын Алматыдағы ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде орналасқан №112 сайлау учаскесіне барды.
Ақын ел болашағына қатысты осындай мәселелерді шешуге жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Референдумға қатысу – маңызды азаматтық борыш. Біз бәріміз ертең қандай болатынын анықтайтын шешімдер қабылдауға қатысуымыз керек. Мен өз елімнің азаматы ретінде Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім, – деді Сәуле Досжан.
Сондай-ақ Қазақстанның Халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор және әнші Алтынбек Қоразбаев №202 мектеп-гимназиясында орналасқан № 211 учаскесіне келді. Алтынбек Қоразбаев референдумның маңыздылығына ерекше тоқталды.
Бүгін әрбір дауыс маңызды. Біз осы референдум нәтижесі арқылы халықтың көңіл-күйін, сенімін, үмітін, қоғамымыздың даму жолындағы көзқарасын біле аламыз. Сондықтан баршаңызды дұрыс шешім қабылдауға шақырамын, - деді Алтынбек Қоразбаев.
Ал ақын Әділғазы Қайырбеков референдум қорытындысы негізінде елімізде ауқымды өзгерістер болатынын айтып өтті.
Референдум қорытындысы еліміздегі өзгерістерге әсер етеді. Қазақстан халқына АЭС құрылысы мәселесі бойынша көзқарасын білдіру мүмкіндігі өте маңызды. Осы мәселеге қатысты барлық түйткілді зерттеп, мен болашақ ұрпақтың өміріне оң әсер ететін шешімді қолдадым, – деді № 123 мектепте орналасқан №624 сайлау учаскесіне келген Әділғазы Жақсылықұлы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін бүкіл ел бойынша Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматыда 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олар сағат 20:00-ге дейін ашық болады.