Өнімнің сертификаттары сәйкес келмеген
Сертификаттардың сәйкес келмеуіне байланысты Үндістанға 70 тоннаға жуық күріш қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Маңғыстау облысында «Болашақ» ФББ инспекторлары импортталатын карантинге жатқызылған өнімде фитосанитариялық талаптардың бұзылғанын анықтады. Үндістаннан Таразға баратын 66,9 тонна күріш берілген фитосанитарлық сертификатқа сәйкес келмеді.
Сондай-ақ, Жамбыл облысындағы «Қарасу» ФББ инспекторлары фитосанитариялық сертификаттың болмауына байланысты Қырғызстанға 22 тонна жаңғақ қайтарып берді. Осындай жағдай Қостанай облысындағы «Қайрақ» ФББ-де орын алып, Ресейге 22,9 тонна картоп қайтарылды. Бұған қоса, Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» ФББ-де қажетті құжаттары жоқ 1 тонна алма табылды, – делінген хабарламада.
Астана қаласы АИ инспекторлары «Астана халықаралық әуежайы» ФББ-де Ресей Федерациясынан авиарейспен фитосанитариялық сертификатсыз келген көшеттерді анықтады, бұл жүк импорттаушы елге қайтарылды.
Ресей Федерациясынан келіп түскен ағаш материалдарына (75,5 текше метр) қайталама бақылау жүргізу кезінде Көкшетау ҚАИ және Абай ААИ (Қарағанды облысы) инспекторлары қара қарағайдың тірі дернәсiлдерiн тапты. Өнім иелеріне қатысты барлық фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды, – делінген хабарламада.
Бұдан басқа, Орал қаласы АИ инспекторлары міндетті қайталама бақылауға мақсары (импорттаушы ел – Ресей) ұсынбаған үшін өнім иесіне әкімшілік бұзушылықтар туралы хаттамалар жасады.