Референдум-2024: бес млн-ға жуық қазақстандық дауыс берді
Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 358 учаске жұмысын аяқтады
Динара Амантай
06.10.2024 | 12:18
Орталық сайлау комиссиясы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 39,23%-і бюллетень алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес:
- Абай облысы бойынша – 42,22%;
- Ақмола облысы бойынша – 45,48%;
- Ақтөбе облысы бойынша – 44,87%;
- Алматы облысы бойынша – 41,76%;
- Атырау облысы бойынша – 43,94%;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 36,67%;
- Жамбыл облысы бойынша – 36,27%;
- Жетісу облысы бойынша – 37,35%;
- Қарағанды облысы бойынша – 46,89%;
- Қостанай облысы бойынша – 44,04%;
- Қызылорда облысы бойынша – 37,63%;
- Маңғыстау облысы бойынша – 38,50%;
- Павлодар облысы бойынша – 36,54%;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 39,85%;
- Түркістан облысы бойынша – 44,52%;
- Ұлытау облысы бойынша - 43,31%;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 37,63%;
- Астана қаласы бойынша – 41,93%;
- Алматы қаласы бойынша – 11,88%;
- Шымкент қаласы бойынша – 57,03%.
Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 358 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды.