Орталық сайлау комитеті референдумда дауыс берген қазақстандықтарға қатысты статистикалық деректерді жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 17,79%-і бюллетень алды, – делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес:
- Абай облысы бойынша – 15,36%;
- Ақмола облысы бойынша – 17,18%;
- Ақтөбе облысы бойынша – 19,21%;
- Алматы облысы бойынша – 16,31%;
- Атырау облысы бойынша – 17,11%;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 16,43%;
- Жамбыл облысы бойынша – 16,19%;
- Жетісу облысы бойынша – 18,08%;
- Қарағанды облысы бойынша – 30,63%;
- Қостанай облысы бойынша – 16,90%;
- Қызылорда облысы бойынша – 20,91%;
- Маңғыстау облысы бойынша – 16,45%;
- Павлодар облысы бойынша – 14,04%;
- 14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,83%;
- Түркістан облысы бойынша – 18,56%;
- Ұлытау облысы бойынша 17,40%;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 17,85%;
- Астана қаласы бойынша – 24,08%;
- Алматы қаласы бойынша – 8,66%;
- Шымкент қаласы бойынша – 19,56%.
Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 107 учаскеде дауыс беру аяқталды.