БҚО-да сайлаушылар учаскелер ашылғанға дейін кезекке тұрды
Дауыс беру сағат 7:00-де басталды
Батыс Қазақстан облысында сайлаушылар учаскелер ашылғанға дейін кезекке тұрды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Таңғы алтыда оянып, сайлау учаскесі алдында алғашқылардың бірі болып келгендердің қатарында өңірдің шаруа қожалықтарының басшылары мен қызметкерлері болды. Солардың бірі – Бәйтерек ауданындағы «Белес Агро» ЖШС ұжымы. Бүгінде «Белес Агро» ЖШС – ауылшаруашылық саласын дамытуға үлес қосып жүрген, ұн, макарон өнімін шығарумен айналысушы бірден-бір ұйым. Бүгін аталған шаруашылық иесі 130 қызметкерімен өздерінің таңдауын жасауға учаскелер ашылғанға дейін келіпті.
Референдум - бұл халықтың елде болып жатқан маңызды мәселелерге қатысты тікелей дауыс беру арқылы шешім қабылдауы. Мен Қазақстанның азаматы әрі патриоты ретінде бұл жобаны қолдаймын. Біз өз болашағымызды ойлап, тұрақты әрі сенімді энергия көзін таңдауымыз қажет. Референдумға ертемен келдік, себебі өндіріс күтпейді, – деді бас технолог Нығметжан Айтқұлов.
Айта кету керек, референдум бүгін бүкіл республика бойынша сағат 7:00-де басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Сонымен қатар, дауыс беру құқығы бар әрбір азамат сайтта өзінің сайлау учаскесін біле алады