Жантүршігерлік жағдай болды
Қостанай облысы Қостанай ауданы Садовое ауылында қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Tobolinfo.kz мәліметінше, кәсіпорындардың бірінде жұмысшы автоматтандырылған бетон араластырғышқа құлап қаза болды. Оқиға 26 қыркүйекте кірпіш зауытында болған.
Полиция дерегіне сай, 60 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп қосты басылым.
Ақпарат көздерінен белгілі болғандай, ер адам ресми түрде жұмысқа тұрмаған. Құжаттарға сәйкес, оның қызы компанияда тіркелген. Марқұмның артында алты баласы қалды.